Конор мен Хабибтің арасындағы жекпе-жекте

Сообщить о проблеме с эфиром

Конор мен Хабибтің арасындағы жекпе-жекте тең есептің тіркелмесі айдан анық. Қос аралас жекпе-жек шебері 6-қазанда өтетін айқас алдында алғаш рет бетпе-бет кездесті. Бұл UFC жұлдыздарының сегізбұрыштағы майданын тағатсыздана тосушылар көп.

Конор МакГрегор екі жыл бойы аралас жекпе-жек алаңына шыққан жоқ. Ол 2016 жылдың 12-ші қарашасында Эди Альваресті техникалық нокаутпен жеңіп, жеңіл салмақтағы UFC чемпионы атанған еді. Хабиб Нурмагомедов болса бұл уақыт ішінде сегізбұрышта 4 мәрте айқасып, бәрін ұтты. Чемпиондық белбеудің де иесі. Атышуылы екі файтердің кездесуін ММА жанкүйерлері асыға күткені анық.

UFC 229 турнирінің алдындағы баспасөз-мәслихатында екі спорты алғаш рет пікір алмасты, көз арбасты. Конор өз әдетіне сай Хабибті барынша сөзбен мұқатып, жанкүйерлерінің айызын қандыра айқайлап, трештокинг дәстүрін тағы бір паш етті. Миығынан күліп отырған ресейлік спортшы сабырлы кейіпте. Бәрін жекпе-жек шешпек!

Конор МакГрегор, UFC чемпионы:

-Мен нағыз айқасқа дайынмын. ММА менің әлемім. Хабиб рейтингте 11-ші орында тұрған спортшын ұтып, өзін чемпион сезінуде. Мен сенің ең қорқынышты түсің бомақпын.

Хабиб Нурмагомедов, UFC чемпионы:

-Сен көп сөйлесің Конор! Сенің күресу мәнерің өте әлсіз әрі нашар. Мұны саған дәлелдеймін. Бәрін 6-қазан күні көреміз.

Әйгілі де білікті екі UFC сарбазының айқасында кім жеңіске жетуі мүмкін?! Болжамдар сан-алуан! Нәтижесін аралас жекпе-жек жанкүйерлері тек 6 қазан күні біле алмақ. Қызуқанды ирландиялық бес ай бұрын дағыстандық файтер мінген автобусқа шабуылдаған болатын. Осыдан кейін бір-біріне өштескен Конор мен Хабиб, титулды айқас аса тартысты өтеді деп уәде берді!