Тейлор Свифтің қазіргі ғашығы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал әнші Тейлор Свифттің жаңа бейнебая туралы ойлауға құлқы жоқ. Жұлдыз өзінің жеке өмірімен әлекке түсіп жүр. Себебі, Тейлордың сүйіктісі Джо Элвин, арумен қарым-қатынасын ашып айтуға ұялады екен.

2016 жылдан бері жұптары жазылмаған, Тейлор Свифт пен британдық актер – Джо Элвин, қарым-қатынастарын көпшіліктен жасырып келді. Джоның қалауы да осы болса керек. Сері тіпті өзінің сүйіктісі танымал әнші екенін айтуға да батылы бармайды екен. Тейлордың теңі жүрексінсе керек. Ал, әйгілі ару маған ең маңыздысы махаббатқа адалдық дегенді айтады.

Әнші Деми Ловатаның анасы - Диана де ля Гарза, қызының есірткіден уланып қалған кезіндегі жағдайын жайып салды. Деми, бірнеше ай бұрын ауруханаға түсіп, бір өлім аузынан қалған еді. Бұл хабарды танымалдың анасы БАҚ өкілдерінен естіген. Күні кеше емделіп шыққан әнші, енді нашақорлыққа жоламайтынын айтып уәде беріпті.

Америкалық әнші - Кэрри Андервуд, даңқ аллеясында өз жұлдызын иеленді. Грэмми марапатының 7 мәрте иегерін құттықтауға, тілеулес музыканттар: Саймон Коуэлл мен Брэд Пейсли арнайы келген. Кэрри сонымен қатар әлемдегі кантри музыкасын паш етіп жүрген алғашқы суретші.

Титр: Кэрри Андервуд, әнші

-Мен ең бақытты жанмын. Өмірімде қуаныш пен қайғыда да бірге болған жандарға мың да бір алғыс айтамын.