Хан Соло күртешесі өз иесін тапты ма?

Сообщить о проблеме с эфиром

Хан Соло күртешесі ешкімге керек емес! Лондонда әлемге әйгілі «Жұлдыздар айқасы» картинасының заттары бәссаудаға қойылды. Алайда, таңқаларлығы сол, басты кейіпкердің киімі елді мүлде қызықтырмаған көрінеді.

Ерекше сатылымға шығарылған күртешені, Хан Соло сиквелдың бесінші бөлімінде киген еді. Еске салсақ, аталмыш фантастикалық туынды 1980-ші жылы көрерменге жол тартқан. Джордж Лукастың сценариі бойынша таспаланған фильм, тіпті сол жылдардың ең табысты лентасы атанған болатын. .

Өкінішке қарай, фильмнің жетістігін бәссаудаға қойылған күртеше қайталай алмауда. Алғашында саудагерлер аңызға айналған жәдігер 1,3 миллион АҚШ долларына сатылады деп үміт артқан еді. Бірақ, халық арасынан киімге қызыққандар байқалмады.

-Ханымдар мен мырзалар, алдарыңызда киноәлемінің ең құнды дүниесі! Тарихқа айналған Хан Солоның киген киімі. Кім қандай баға береді?

Бұл бәссаудаға сондай-ақ, кино-саганың өзге кейіпкерлерінің де дүниелері қойылған болатын. Мәселен, жұлдызды шабылдаушылардың шлемі, Энакин Скайуокердің лазерлі қылышы бірден өз иелерін тапқан.

Енді, Хан Соло киген күртешенің болашағы күңгірттеу. Қайтадан бәссаудаға түсе ме, әлде мұражайға табыстала ма, ол уақыт еншісіндегі шаруа. Дегенмен, болашақта оны қайтадан фильмнен көріп қалуыңыз да ғажап емес дейді ұйымдастырушылар.