Milan Fashion Week

Сообщить о проблеме с эфиром

Есесіне, әсемдік қуған арулар Милан фэшн-уиктегі барлық киімді сатып алуға әзір! Москино, Прада, Фенди, Макс Мара. Әлемнің ең үздік әрі алпауыт сән үйлері, өз топтамалаын таныстырды. Сонымен, дизайнерлер қалай киінуге кеңес береді?

Джиджи Хадид - қалыңдық! 23 жастағы ару сүйіктісі Зейн екеуінің тойында емес, Маскиноның сән сахнасына ақ көйлек киді. Айтулы сәт, кеш қонақтарымен бірге Джиджидің сіңлісі, Белланы да бейжай қалдырмаған еді.

-Керемет болды! Неткен ғажайып сәт еді! Көз жасыма ерік бердім.

Джереми Скотт-тың өзге үлгілері де шоуға келген меймандардың таңданысын тудырмай қоймады. Сахнадағы киімдер туп-тура қағаз бетіне салынған суреттер сынды.

Праданың көрсетілімін де халық тағатсыздана тосқан еді. Сән әлемінің алпауытының бұл жолғы ұраны – «тек классика». Киімдерге мата таңдауда Миуччи Прада, қиялына ерік бергендей. Атлас, жібек, шифон, былғары. Қалғаныңыздың бәрі бар.

Кендалл Дженнер мен Белла Хадид Фендидің сән сахнасында жарқырады! Праданың ізін ала, өз топтамасын таныстырған айтулы бренд бұл жолы қызыл, ақ, қоңыр түстерге таңдау түсірген. Қос дизайнер Карл Лагерфельд пен Сильвия Вентурини-Фендидің пікірінше, мауысым тренді – белге тағатын сөмке.

Фендидің көрсетілімін тамашалауға келгендер арасынан Винни Харлоу мен Ники Минаж табылды. Арулардың екеуі де, фэшн шоуға Фенди киімін киіп келуді жөн санапты.