«Формат» тобы әнші қызбен қоштаспақ па?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Формат» тобында керісінше өзгеріс болуы ықтимал. Өйткені, Қайрат Баекенов өзі басқаратын ұжымдағы әнші қызбен қоштасуды құп көрген екен. Аталмыш музыкалық команданың болашағы енді қалай өрбімек? Серікқазы Аязбаев айтады!

Елорданың 20 жылдық мерейтойын Алатау баурайында тойлаған «Формат» тобының тың жаңалықтары жетерлік. Алдағы уақытта ұжымдағы әнші қыз сахнаға жалғыз шықса таң қалмаңыз!

Гүлсім Мырзабекова, «Формат» тобының әншісі:

-Маған айтып жатыр бар кет енді. Жасың болса келді. Қалжың!

Қайрат Баекенов, әнші, композитор:

-Біздің Гүлсіміміз әрине талантты вокалист. Білем Гүлсімнің мүмкіндіктері өте биік. Уақыт болмай жатыр. Біздің де кестеміз бар. Бір үзіліс болса кезде айттық. Гүлсім баршы, мынадай конкурстар бар.

Гүлсім жеке шығармашылыққа бет бұрса, әнші қыздың орнына үміткер өнерпаздар көп көрінеді. Мәселен, Маржан Арапбаева басты кандидаттардың бірі екенін әзілдеп жеткізді.

Маржан Арапбаева, әнші:

-Жеке кетсе мен барамын ба деп ойлап тұрмын орнына. Қалжың! Бұл «Формат» тобының қалауы. Бірақ Қайраттың аға ретінде, тәлімгер ретінде айтқаны да дұрыс. Гүлсім менің қасымда, топта осылай жүре бересің бе? Сен жассың ғой, мүмкіндігің бар... Демеп, қолдап жатқаны өзі ғанибет деп ойлаймын.

«Форматтықтарды» өзара біріктерген күш - музыкаға деген құштарлық! Сондықтан болар, Қайрат қол астындағы қыз-жігіттермен келісімшартқа да отырмаған.

Қайрат Баекенов, әнші, композитор:

-Біз ешкімге былай рамка қоймаймыз. Гитарист өзі альбом шығарсын. Бізде контракт жоқ. Әркім өзі альбом шығарғысы келсе, өзі бір жеке проект істегісі келсе, әрине біз қолдаймыз.