Динар Сәтжан талғамына сай серілерге іздеу салады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Динара Сәтжанға сезімін білдіретін серілердің санында шек жоқ. Меншікті мерекесін ет-жақындары мен достарының арасында атап өткен бикеш, алғаш рет бар сырын ақтарды. Ал, туған күн кешінде талқыланған басты тақырып – тележүргізушінің теңін табуы.

Динара Сәтжан жыл сайын туған күнін төркінінде тойлауды әдетке айналдырған. Биыл да бас қаладағы жұмыстарын бір шетке ысырып, 36 жасын Алматыда тұратын ата-анасының қасында қарсы алды.

«Бір жылда атқарған жұмыстар мен жеткен жетістіктерді ой елегінен өткізетін дәл осы күн» - дейді Динара. Бүгінде екі баланың анасы атанған бизнесвуменнің басы бос. Ал, желі қолданушылары тарапынан жолданатын сауалдар да жеке өмірі жайында екен.

Динара Сәтжан, тележүргізуші:

-Менен сіздің күйеуіңіз қайда? Сіздің күйеуіңіз бар ма? Сіздің күйеуіңіз бола ма? Болмай ма деген сияқты сұрақтарды қояды.

Бұл танымал тележүргізушінің оқырмандарын ғана емес, туған-туыстарын да толғандырған сұрақ. Таяуда анасы мен қызы дәл осы тақырып аясында әңгіме өрбіткен.

Ақмарал Сәтжан, Д. Сәтжанның анасы:

-Балам жалғыз жүрме дедім. Қасыңда өзіңнің бір тірегің жүру керек дедім. Өйткені ол керек нәрсе. Қазір керек болмаса да, елуден асқаннан кейін керек нәрсе. Ер азаматтың жөні бөлек.

Анасының бұл пікірін Динараның ең жақын құрбылары да қолдайды. Алдымен Баян Алагөзова, кейін Аида Кәуменова теңін тапса, енді Сәтжанның да өмірлік серігі жолығатынына сенімді.

Аида Кәуменова, дизайнер:

-Бәрі дұрыс болып жатыр. Бірінші Баян тұрмысқа шықты, енді мен шықтым. Енді Диконияның реті... Мен ойлаймын міне, міне кездеседі Динараға. Кездеседі. Құдай, тура оны бір үш метрдей ұстап тұр. Бір айдың ішінде мен ойлаймын Дикония кездеседі деп.

Бүгінде Динараға ғашық, жігіт ағалары жетерлік. Бірақ басы бос бикештің болашақ күйеуіне қояр талаптары бар.

Динара Сәтжан, тележүргізуші:

-Іскер, батыл, мықты адам, адамгершілік... Фавориттер бар. Мен бірақ ойланып жүрмін.