Отандық вайнерлер қанша тұрады?!

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнді киінуден біздің отандық вайнерлер де қалыс қалған емес. Ғаламтор арқылы танымал болған видео-блогерлеріміз енді, өз аудиториясын кеңейтуді көздеп жүр. Өнерлі жастар бұл мақсатына жету үшін, тіпті телевизия шыңын бағындырудан да жүрексінбейміз дейді.

Бүгінде ғаламтор жұлдызына айналып қана қоймай, пайда да тауып жүрген вайнерлердің бірі - Ақсұлтан Қалиев. «Ха-ха шоу» ұжымының негізін қалаушы, өзін телевизия саласында да сынап көрген.

Ақсұлтан Қалиев, «Xa-Xa Show» каналының негізін қалаушы:

-Былтыр істеп көрдік телевидинияда, шыны керек бұл жерде процесстің қиындылығы, яғни тікелей шығармашылықты өлтіріп тастайды. Еркін тәуелсіз жүрген ұнайды. Яғни өзіндік бір поток болады, сол толқында жүре берген бізге көбірек ұнайды екен.

Әуел бастан қаралым үшін видеолар түсіріп жүрген жігіттер, қазір соның арқасында пайдаға кенеліп жүр. Ал ха ха шоудың бір жарнамасының құны:

Ақсұлтан Қалиев, «Xa-Xa Show» каналының негізін қалаушы:

-Бір вайн 500 мың теңге. Біреу ғана болуы мүмкін, біреу жылдық жарнама сатып алады. Ол келісімшартқа байланысты.

Ал, «Jokeassas» жігіттері қанша кіріс көріп жүргендерін құпия ұстайды. Талантты жастарға ғаламтор әлемі, шығармашылықты шыңдауға жеткілікті.

Бексұлтан мен Жандос, «Jokeassas» командасының вайнерлері:

-Өйткені ол оңайырақ. Біздің шығармашылығымыздың жаңа қырларын ашамыз өзіміздің. Біз ютубқа бәрін жазамыз өзіміз түсіреміз да, бізде ешқандай бір нелер жоқ. Өз-өзіне би өз-өзіне қожа дейді ғой.

«Jokeassas» командасының пікірін қолдайтын Жансерік Қадырбаев әлеуметтік желіні, телевизиядан жоғарғы қояды. Өз көрерменін қызықты видеоларымен қуантып жүрген вайнер үшін, инстаграм өте маңызды.

Жансерік Қадырбаве, вайнер:

-Инстаграм жоқ болса біз ешкім емеспіз, әңгіменің ашығы. Өйткені біз инстаграм платформасының арқасында, көтерілген жігіттерміз.

Вайндардың арқасында абыройлы болған өнерлі жастар, қазір ән де шырқап, актерлік қабілеттерін де сынап, шоу-бизнестен ойып орын таппақ ниетте.