Бейонсені, қызметкері неге сотқа берген?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемдік турнеде жүрген Бейонсе мен Джей Зиге, өз музыканттары ренжулі. Тіпті, Кимберли Томпсон есімді барабаншы қыз, Бейонсенің үстінен сотқа арызданған. Жұлдызды отбасын ол не себепті кінәлануда?

Жеті жылдан астам Бейонсенің қарамағында жұмыс істеген барабаншы қыз – Кимберли Томпсонның айтуы бойынша, Джей Зидің жұбайы қызметкерлерін оқытып алған. Тіпті олар дуалаудың әсерімен жүрміз деп, музыканттарға жала жауыпты. Ал, ән сапарлары әлі аяқталмаған, Бейонсе мен Джей Зи қол астындағылардың мұндай әрекеті, қара пиар екеніне сенімді.

***

Элтон Джон өнердегі жарты ғасырлық еңбек жолын аяқтау үшін, 3 жылға созылатын әлемдік турнеге аттанған еді. Енді музыкант оны тоқтауды қалап жүр. Себебі балалары, Джон мырзаның алысқа кетуіне қарсы болыпты.

Ал «Universal Music Group» компаниясымен келісімшартқа отырып қойған Элтон, талаптар бойынша концерттін жалғастыруға міндетті.

***

«One Direction» тобының бесінші мүшесі Лиам Пейн, «First Time» атты әніне жаңа бейнебаянын ұсынды. Әнші жігіт топтан бөлек өзінің жеке шығармашылығын шыңдап жүр. Трек Лиамның жақында жарық көретін альбомына кірмек. Хитті, рэпер Френч Монтанамен бірігіп орындаған.