Бритни Спирс алимент төлеуде.

Сообщить о проблеме с эфиром

Бритни Спирс, ұлдарын бағып отырған экс-күйеуі Кевин Федерлайнге алимент төлеуге міндетті. 10 жылдай уақыт балалары үшін беріліп келген қаржылай көмекті, Кевин енді азсына бастаған. Тіпті Бритнидің үстінен сотқа шағым түсіріпті.

Бритни 2007 жылдан бері, ұлдары Шон мен Джейден үшін, экс-жұбайына ай сайын 20 мың АҚШ долларын төлеп келеді. Есейіп қалған атұстарларының керек жарағына бұл қаржы жетпейді деген Кевин, Бритиниден ақшаны көбейтуді талап еткен. Танымал әнші, істі сотқа жеткізбеу үшін, балалары үшін беретін алиментін бірнеше есеге көбейтіпті.

***

Дэвид Бекхэм болса, экс-күйеу баласын сотқа берген. 39 жасар Даррен Флуд футболшының атын жамылып, қарапайым халықтың қаржысын жымқырған. Ол сирек кездесетін металлдарды сатумен айналысатын Бекхэмның компаниясына құятын инвестиция деп, өз клиенттерінен ақша алған. 1 млн доллар көлемінде пайдаға кенелген Даррен, енді полиция қызметкерлерінің алдында жауап бермек.

***

 

Кайли Дженнер жас болса да, «Forbes» журналының «ең бай адамдарының» тізіміне еніп үлгерген. Танымал жұлдыздың Хидден-Хиллзде бірнеше зәулім сарайы бар. Енді Кайли солардың бірін сатылымға қойды. Кардашьяндар әулетінің мүшесі, баспанасын 12 млн долларға бағалап отыр. Дженнердің өзі бұл үйді белгіленген соманың тең жартысына алған екен.