Фильм үшін актерлер қандай талаптарға көнуге дайын?

Сообщить о проблеме с эфиром

Келешекте Есмахан отандық кинонарыққа біржолата бет бұрса, таң қалмаңыз! Продюсерлікті қолға алған бикеш, дебюттік картинасындағы әрбір актердің образын, режиссермен қатар отырып таңдаған. Ал, фильмдегі Еркенің ғашығына қандай талап қойылды?

Шәріп Серік үшін «Махаббат» кафесінің орны ерек. Жаңашылдыққа жаны құмар актер, Ерке Есмаханның фильмінде бұрын-соңды болмаған образды ойнадым дейді.

Шәріп Серік, актер:

-Әрбір түсіп жатқан кино, сериал болсын мен өзімнің образымды басқаша көрсеткім келеді. Шашымды да өсірдім. Мысалы «Кафе Махаббат» киносында. Асқар Ұзабаевпен кездескенде былай қарады да, шашыңды алмай қойшы. Басқа Шаконы көрсетіп көрейік деді.

Әділ Ахметов «Томирис» тарихи туындысында Арғұн атты кейіпкердің кейпіне енген. Актердың сақал-мұрт қою – түсірілім тобының басты талабы екен.

Әділ Ахметов, актер:

-Шаш үлгісі болсын, сақал-мұрт болсын енді киноға қарай ыңғайланып жүреміз ғой. Актер болғаннан кейін өз еркімізбен жүре алмай қаламыз. Қазір «Томирис» фильмі түсірілуде Ақан Сатаевтың.

Бір сен үшін» картинасы Азамат Сатыбалдының, кинопродюсер ретінде атқарған алғашқы жұмысы. Актер аталмыш фильмнің басты рөлін сәтті сомдау үшін, бірнеше келі салмақты тастауға тура келіпті.

Азамат Сатыбалды, актер, продюсер:

-Сол үшін арнайы съемканы 15 күнге тоқтатып, мен 10 күн таза суда отырдым. Судан басқа ештеңе ішкен жоқпын. Сол диетаны ұстау арқылы, мен 12 кг салмақ тастадым. Өзіңнің ойыңдағы герой болғаннан кейін, соның тағдырын, трагедиясын жеткізуге тырысасың. Жеткізгенде, әрине сенімді болу керек. Сол үшін актерлар осындай жертваға барып тұрады.

Мұндай тәсіл әлемдік киногерлеріңде де тәжірибесінде жиі қолданылады. «Мамандыққа деген махаббат» деп, осындайда айтылса керек.