«Ерекше» балалар да қоғамның тең мүшесі.

Сообщить о проблеме с эфиром

Кенжебек сынды, танымалдар арасында «ерекше» баланың ата-анасы атанып, қайырымдылыққа бет бұрған жандар жетерлік. Мәселен, тележүргізуші Дана Орманбаева, өз бүлдіршіні үшін, соңына дейін күресуге әзір.

Дана Орманбаева – қоғамда қызу талқыға түсетін «ерекше» баланың анасы. Танымал тележүргізушінің тұңғышы Исламбек аутизм дертіне шалдыққан. Алайда, тағдырдың мұндай сынына тап болған журналист қол қусырып қалмақ емес. Бүгінде Дана, өзімен мұңдас жандармен арнайы кездесулер ұйымдастырып, қайырымдылық шараларға белсенді түрде қатысып келеді.

Дана Орманбаева, ҚР журналистер одағының мүшесі, тележүргізуші:

-Шынымды айтсам, ұлымның өзгелерден еш айырмашылығы жоқ. Күнде арнайы мектепке барады, кешкі уақытта үйде болады. Әрдайым көтеріңкі көңіл-күйде.

Небәрі 23 жасында «ерекше» баланың анасы атанған Орманбаева, ендігі мақсатым - дәл мен сияқты қиындыққа тап болған ата-аналарға көмектесу дейді.

Мәселен, солардың бірі – әнші Лолита. Ева есімді кішкентай сұлуды тәрбиелеп отырған ресейлік өнерпаз, қызының өзгелермен теңдей өмір сүруі үшін барын салуда. Нәтижесі де жаман емес, Ева бүгінде түрлі көрсетілімдерде төбе көрсетіп, музыкамен айналысып жүр.

Ресейлік журналист Ирина Хакамада да көпке үлгі. Танымал тұлғаның қызы Даун синдромына ұшыраған. Алайда, Иринаның қайсарлығының арқасында Мария өмірде өз орынын тауып үлгерген. Бүгінде ол оқуды тәмамдап, тұрмысқа шыққан көрінеді.

Мұндай «ерекше» балалардың анасы атанған нәзік жандылардың қалауы жалғыз. Мұндай сәбилер қоғамнан шеттетілмесе екен дейді. Себебі, дертке шалдығу – лайықты өмір сүру құқығынан айырылу деген сөз емес.