Ғазрет Ержанов әйел рөлін сомдайтын актерлерге қарсы!

Сообщить о проблеме с эфиром

Кезінде табысымен топ жарған «Келинка Сабина» картинасы Ғазрет Ержановқа жақпаған көрінеді. Актер, әйел образын сомдаған Нұртас Адамбайды мүлде түсінбейді екен. «Одан да тыржалаңаш жүргенім артық» дейді, ол. Әртістер рөл үшін қандай құрбандыққа дайын?

Ерке Есмаханның бейнебаяндағы ғашығы – Ерікке, бүгінде әншілерден толассыз ұсыныстар түсуде. Хитке айналған клиптің әсері ме, әйтеуір жас өнерпазды туындысында төбе көрсетеуге шақырғандардың қарасы мол. Алайда, ол өзін енді каскадерлық қырынан танытуға құлықты.

Ерік Хамидуллаев, жас актер:

-Бейнебаяндарға түсіп болдым деп ойлаймын. Енді кино жағына қадам басам. Өзім сондай рисктарға баруға дайынмын. Секіріп, әртүрлі рисктарға баруға дайынмын.

Ал, «Таиландтағы демалыс» картинасы арқылы ел есінде қалған Ғазрет «образ үшін бәріне дайынмын» дейді.

Ғазрет Ержанов, жас актер:

-Тек қыздың рөлін ойнамасам деген өзімнің іштей ұстанымым бар. Былай бәрінен дайынмын. Мысалы, Кристен Белл еске түсіп тұр. Мысалы, 50 киллограмға арықтады. Сондай сияқты талаптарға мен дайынмын.

Тіпті, Ержановтың «Келинка Сабинаны» сомдаған Адамбаевқа айта алмай жүрген дүниесі бар екен.

Ғазрет Ержанов, жас актер:

-Ойымды айтқым келіп тұрған жоқ шынымды айтайын, ыңғайсыздау болып қалар.

Гүлназ Жоланова болса, Ғазрет сынды батыл қадамға баруға асық. Алайда, неліктен екені белгісіз, актрисаға әлі мұндай ұсыныс түсе қоймапты.

Гүлназ Жоланова, актриса:

-Егер маған рөл ұнайтын болса, физикалық тұрғыда болсын, бейнемді өзгерту болсын, қандай да бір өзгеріске егер рөл ұнаса бара алатын едім. Әзірше менің биографиямда, сондай күрделі өзгеріске ұшырайтын рөл бұйырған жоқ өкінішке қарай.