Бибер мен Болдуиннің неке келісімшарты

Сообщить о проблеме с эфиром

Джастин Бибер үйлену тойының қамымен жүр. Сәнбике Хейли Болдуинмен неке қию үшін, музыкант келісімшартқа қол қоюға міндетті. Себебі, серінің дүние-мүлкі 250 млн долларға бағаланған.

Джастин, Хейлидің махаббатының адалдығына сенім артқанымен, неке келісімшартынан бас тарта алмаған. Себебі сәнбикенің қалтасындағы қаржы,

Бибердің бар байлығынан жұтаңдау көрінеді. Жұлдызды жұптың осы мәмілесімен енді заңгерлері шұғылданып жатыр. Екеуі ерлі-зайыпты атанса болды, келісім күшіне енбек.

Әйгілі экс-футболшы Дэвид Бекхэм бесінші мәрте әке атанбақ. Танымал спортшы жұбайы Виктория Бекхэммен бүгінде 4 бала тәрбиелеп отыр. Болашақ сәбиді жұлдызды жұп, суррогатты ананың көмегімен дүниеге алып келмек ойда екен. Танымал жанұя, бұл бөбектің қыз болғанын қалайды.

Деми Ловатоға даусынан айрылу қауіпі төніп тұр. Жақында ғана есірткіден уланып бірнеше ай ауруханада емделіп шыққан әншінің, сахнаға шығуы енді екіталай. Ловато, тыңдармандарын ән салып қуанта алмайтындығына қапалы.