Шүкеновтің әндерін насихаттауға не кедергі?

Сообщить о проблеме с эфиром

Әли Оқапов ағасы Шүкеновтің шығармашылығын насихаттауды қолға алғанымен, жоспары жүзеге аспай келгенін айтады. Батырдың репертуарын жаңаша нұсқада жазуды қалайтын әншіге, еш мүмкіндік жоқ! Марқұм музыканттың әнқоржыны кімге тиесілі?

Әли, Батырдың әндеріне бала кезден құштар. Сондықтан болар, Шүкеновтің шығармашылығы тасада қалмаса дейді. Әйгілі ағасының хиттерін жаңа нұсқада шырқау - Оқаповтың орындалмай жүрген армандарының бірі.

Әли Оқапов, әнші:

-Көп әндерінің авторлары біздің отандастарымыз емес. Ресей және ТМД елдерінің композиторлары. Авторлық құқық, қоғам бар ғой. Сондықтан кейбір әндерді айтуға болмайды. Менің де өз ойым болған. Тіпті 10-15 әнін жинап, өз дауысыммен, өз нұсқамда арнау ретінде неге альбом шығармасқа дегендей.

Айтпақшы, Сырымтай Еңсепов те дәл осындай жоспардың жетегінде жүр. Тіпті тыңдармандары әнші жігіт пен Батырханның дауысындағы ұқсастықты жиі айтады. Мәселен, мына туындының түпнұсқасын Шүкенов былай шырқаса...

Тура осы ән Сырымтайдың орындауында осылай естіледі...

Сырымтай Еңсепов, әнші:

-Біраз жылдар қасында болып, мастер класс алып, ағамыз ұстаз болып кетті. Сол кезде сұрағанмын: «Аға, мен қатты еліктемеймін. Сізге қатты ұқсата алмаймын. Ұқсауы мүмкін емес қой. Солай айтып жатыр. Неге деп сұрадым. Ағамыз айтады: менің, Мұрат Насыров және сенің тембріміз ұқсайды. Сол себепті сондай болып тұр. Ағамыздан көптеген тәлім-тәрбие алдық.

Әли Оқапов, әнші:

-Тіпті Сырымтай Батырхан ағамыздан сабақ алған. Яғни, ол шынымен де техникадан, вокалдық жағынан да жай еліктеп жүрген емес, шынымен де оның кішігірім шәкірті де болған. Сондықтан одан арман ұқсап кетті.

Шүкенов шығармашылығынан шабыт алған жігіттер, жоспардың жүзеге асуы қыр астында дейді. Алдағы уақытта авторлық қоғам рұқсатын берсе, Батырдың әндері жаңаша нұсқада жарыққа шығатын болады.