Дакота Джонсон зорлыққа қарсы соғыс бастады!

Сообщить о проблеме с эфиром

Ал танымал голливуд жұлдызы Дакота Джонсон әйел қауымын өз ар-намысы үшін күресуге шақырды. Актриса тіпті өзінің жеке телефон номерін жария етіп, аруларға барынша көмек көрсетуге уәде берді.

Дакота Джонсон, актриса

-Бұл ұялы телефонымның нөмірі, бастан кешкен оқиғаларыңызды еш қысылмай жазыңыздар. Мен барынша көмек беруге тырысамын. Тек қорықпасаңыздар болғаны.

Нью-Йорк қаласында өткен «Global Citizen» фестивалінде осылай деп сөз сөйлеген Дакота Джонсонның басты мақсаты – ар-намысы тапталған нәзік жандыларға қолдау көрсету. Бұл ісінің нәтижелі боларына арудың өзі бек сенімді.

Кардашьяндар әулетінің жұлдызы Кортни, экс-күйеуімен қайта қосылмақ ниетте. Тоғыз жылдық отбасылық өмірден кейін, ажырасып кеткен Скотт Дисикпен, голливудтық танымалдың ортақ үш баласы бар. Енді олар, өздеріне тағы бір мүмкіндік беріп, төртінші сәбиді де жоспарлап жүрген көрінеді.

Канье Уэст пайда табудың тағы бір тәсілін ойлап тапты. Рэпер өзінің жақында жарыққа шығарған «I Love It» бейнебаянындағы костюмдерін сатылымға қойды. Музыканттың образдары 200 АҚШ долларын құрайды. Канье мен Лил Памптың бұл ортақ туындысы, мыңдаған фанаттар үшін нағыз пародия жасайтын клипке айналған еді.