Эмма Стоун күйзелісте жүр!

Сообщить о проблеме с эфиром

Актриса Эмма Стоун жеке басының күйзелісінен арыла алмай жүр. Танымал өнер иесі бала күнінен психикалық аурумен күресіп келеді екен. Жұлдыздың мұндай хәлге түсуіне не себеп?

Эмма Стоун 7 жасынан бері қорқыныш сезімін бастан кешіп келген.

Бала күніндегі үрейден айырылудың жолын іздеген Эмманың шешімі - актриса болу екен. Кино әлеміне осылайша қадам басқан Стоун, түрлі кейіпкерді сомдау арқылы, жан-дүниесіндегі күйзелісті ұмытуға тырысқан.

Ал «Форсаж» фильмінің жұлдызы Тайриз Гибсон екінші мәрте әке атанды. Қызды болған актер жұбайы Саманта Лиге алғыс айтып, қуанышты жаңалығымен өзінің инстаграм парақшасында бөлісті. Тайриздің алғашқы некесінен 11 жасар Шейл есімді қызы бар.

Актер Эван Макгрегорды, экс-жұбайы Ив Мавракис сотқа берді. 22 жыл бойғы татулықтан соң, берекесі қашқан отбасылық жұптың ортақ 4 қызы бар. Анасының қамқорлығындағы бойжеткендерге, актер үзбей алимент төлеп келеді екен. Енді сол қаржыны азсынған Ив, Макгрегордың байлығына қол салмақ деседі жұрт.