UEFA CHAMPIONS LEAGUE 2018

Сообщить о проблеме с эфиром

Футбол жанкүйерлерінің қызу талқылайтын тақырыбы мүлде басқа. Мысалы, мәскеулік «ЦСК» өз алаңында азуын айға білеген «Реалдан» басым түсті. Бұл кездейсоқ сәттілік пе әлде стратегиядан туған сенсация ма?

Чемпиондар Лигасының басты сенсациясын «ЦСК» өз жанкүйерлерінің алдында жасады. «Реалды» қабылдаған ресейлік клуб ойынның екінші минутында жалғыз жеңіс добын соғып кетті. Голдың авторы -Никола Влашич. 95-минутта Игорь Акинфеев алаңнан қуылса да, мәскеуліктер матч соңына дейін азулы мадридтіктерге қорғанысын алдырмады. Есеп 1:0!

«Бавария» командасы үйіне қонаққа келген «Аякспен» ұпай бөлісуге мәжбүр болды. Немістердің клубы сапынан Матс Хуммельс 4-минутта есеп ашқанымен, Нуссаир Мазрауидің 22- минуттағы қарымта голы голландықтар үшін ойын нәтижесін 1:1-ге жеткізді. «АЕК» пен «Бенфика» кездескен матчта 5 гол соғылды. Гректер 0:2 болып ұтылып жатып, Виктор Клонаридистің дублінің арасында таразы басын теңестіре алған еді. Дегенмен, португалдық команда ойыншысы Альфа Семедудің дәл соққысы оларға ұтыс сыйлады.

Немістердің тағы бір клубы "Хоффенхайм" бірінші болып есеп ашқанымен, «Манчестер Сити» жұлдыздары Серхио Агуэро мен Давид Сильва соққан қос доп ағылшындық аяқдопшыларға үш ұпай алып келді. «Манчестер Юнайтед» болса «Валенсиямен» қақпаларын бүтін сақтап өзара тең тарқасты. «Лион» «Шахтерге» ұтыла жаздады. Украиндық команда Жуниор Мораестің дублінен соң алға шыққан еді, абырой болғанда француздар екі голмен жауап қатты.

Бүгінде қарлыстарына бет қаратпайтын «Ювентус» өз алаңында швейцариялық "Янг Бойз" ұжымымен кездескен еді. Пауло Дибала хет трик жасап, италиялық команданың басымдығын бірден байқатты. Есеп 3:0! «Рома» командасы болса чехиялық "Виктория Пльзеньді" 5:0 етіп оңдырмай жеңді. Бұл матчта Эдин Джекода үш голдың автора атанды. Чемпиондар лигасының қызығы әлі де жалғаса бермек!