Қазан айының премьералары

Сообщить о проблеме с эфиром

«Финансист» фильмімен қатар, қазан айында отандық көрермен Нұртас Адамбайдың «Лифт» атты алғашқы психологиялық триллерін тамашалай алады. Комедиядан кейін, өзге жанрды таңдаған режиссердың қадамы қаншалықты сәтті болмақ?

Нұртас Адамбай туындыда, бай мен кедей арасындағы қарым-қатынас арқылы бүгінгі қоғамның бет бейнесін көрсетуге тырысқан. Лифтіде үш күнге қамалып қалған бизнесмен мен күзетшінің түрлі психологиялық күйзелістері суреттеледі.

Нұртас Адамбаев, режиссер, продюсер:

-Бұл толыққанды авторлық кино емес. Көрермен тақырыпты әрі қарай өзі дамытсын деген тұстары жоқ. Біздің айтпақ ойымызды кез-келген жан түсіне алады.

Ал психологиялық драма, көрерменге 11 қазаннан бастап жол тартады.

Дәл сол күні жарық көретін «Айдағы адам» картинасы, ғарышкер Нил Армстронгтың өмірбаянына негізделген. Биографиялық лентаға басты кейіпкерлік ету, актер Райан Гослингке бұйырыпты. Тарихи драмада, айға алғашқы болып ұшу үшін, басын қауіп-қатерге тігетін астронавттың оқиғасы баяндалады.

Актер Жан-Клод Ван Дамм «Лукас» фильмінде басты рөлде. Француз елі ұсынған лента, қызын қорғамақ болатын кейіпкердің өмірі туралы. Атыс-шабысқа толы картинада Ван Дамм, полиция қызметкерлерімен қоса, мафиямен істі болмақ. Триллер 25-ші қазаннан бастап үлкен экрандарда.