BTS пен Пол Маккартниді шаң қаптырған ұжым!

Сообщить о проблеме с эфиром

Музыка әлемінде де тың жаңалықтар жетерлік. Әйгілі Billboard чарты ең үздік альбом иегерлерін анықтады. Қызығы сол, кешегі BTS пен Пол Маккартнидің мәртебелі орындарын, қазір қарапайым «көше әншілері» басып алған.

«Iridescence» альбомымен BrockHampton ұжымы Биллборд тізімінің көшінде. Осыдан небәрі екі апта бұрын жарық көрген жинақ aталмыш топтың төртінші туындысы болып саналады.

Еске салсақ, BrockHampton бойзбенді Канье Уэсттің фан-форумының арқасында құрылған. Шараға қатысқан Кевин Эбстрэкт «кім топ құрығысы келеді» деп пост жариялап, кейін өзімен мүдделес жандарды тапқан еді.

Мықтылар арасында екінші орынға Джош Гробан жайғасты. «Эмми» марапатын еншілеген өнерпаз бүгінде сұраныстағы әншілердің бірі. Ал, орындаушының екі апта бұрын жарық көрген «Bridges» атты әнжинағын тыңдарман көптеп сатып алып жатқан көрінеді.

Үздіктер үштігін Эминем тұйықтайды! Рэп орындаушының «Камикадзесіне» әлі де қызығушылық білдіріп жатқандар жетерлік. 13 тректі топтастырған туынды, өнер иесінің оныншы альбомы.