A$AP Rocky туған күніңмен!

Сообщить о проблеме с эфиром

Америкалық хип-хоп орындаушы, режиссер әрі модель - A$AP Rocky 30 жасқа толды. Танымалдылығы енді артып келе жатқан музыканттың жеткен жетістігі де аз емес.

Раким Майерс «A$AP Mob» хип-хоп тобының мүшесі. 8 жасынан бастап рэп орындауды ермек еткен талант иесі, ең алғаш 2011 жылы кәсіби музыканттардың алдында өнер көрсетіп, қошеметке ие болған. Екі жылдан кейін жарыққа шығарған дебюттық альбомы «Биллборд» чартында бірден көш басына орналасты.

Эйсап Роккидің танымалдылығының артуына, 2012 жылы Кендрик Ламар мен Дрейктің «Club Paradise Tour» ән сапары арқау болған. Музыканттар бірігіп АҚШ-ты аралады. Рэпер, түрлі жанрдағы әуендерді үйлестіріп микстейп жасайтын қабілетімен де көзге түскен. Ол тіпті, тыңдармандары үшін, ғаламторда үнтаспаларын тегін жүктейтін мүмкіндік те ұсынған.

A$AP Rocky, рэпер:

- Мен өз әлемімде өмір сүремін. Адамдардың ұстанатын қағидаларына мүлдем көңіл аудармаймын. Бірақ олардың мен сияқты тәуелсіз болғанын қалаймын.

Өз бейнебаяндарымен қоса, өнердегі әріптестерінің туындыларына режиссерлық ететін рэпер, енді түрлі аспаптардың сүйемелденуімен жаңа альбом жазбақ.