Месси, Неймар, Гризман! Кім мықты?

Сообщить о проблеме с эфиром

Талай жанкүйердің түн ұйқысын төрт бөлген чемпиондар лигасының қызығы күн санап артуда. Бұл жолы басты кейіпкерлер: Месси, Неймар, Гризман. Матчта бірнеше гол соғу шеберлігін паш ете білген бұл футболшылар, өзара бәйге ұйымдастырып жатқандай.

Қатарынан бірнеше гол соғу эстафетасын Лео бастады. «Барселона» сырт алаңда «Тоттенхэм» клубымен кездескен еді. Бірінші таймда Коутинью мен Ракитич қонақтарды қос доппен алға шығарды. Ағылшындық клуб сапынан Харри Кейн мен Эрик Ламела сатчтың 52-ші және 66-шы минуттарында бір голдан тіркеді. Дегемен, Месси жасаған дубль нәтижесінде кездесу 2:4 есебімен каталондықтар пайдасына шешілді.

Тағы бір испандық клуб кезекті жеңісіне қол жеткізді. «Атлетико» өз үйінде бельгиялық «Брюггені» қабылдап, жалпы 3:1 нәтижесімен басым түскен еді. Бұл ойында мадридтік команданың жұлдызы Антуан Гризман да екі доптың авторы атанды. «ПСЖ» командасы болса сербиялық «Црвена Звезда» ұжымын 6:1 етіп ойсырата ұтты. Париждік командадан Кавани, Ди мария, Мбаппе бір-бір нәтижелі соққыдан жасаса, Неймар үш голымен, хет-трик тіркеді. «Црвена» үшін жалғыз допты соққан Марко Мари.

Италиялық «Наполи» ұжымы ағылшындық азулы «Ливерпульді» 1:0 нәтижесімен жеңді. 90-шы минуттағы жалғыз доптың иесі Лоренцо Инсинье. Қатар өткен тағы бір матчта голландиялық «ПСВ» өз жанкүйлерінің алдында 1:2 есебімен «Интерге» есе жіберді. Дотмундтық «Боруссия» болса «Монаконы» жауапсыз үш голмен тізе бүктірді.