«Тақтар ойыны» жайлы тағы бір кітап шықты.

Сообщить о проблеме с эфиром

Әйгілі «Тақтар ойыны» телехикаясын асыға тосып жүрген көрермендерге қуанышты жаңалық. Туындының авторы Джордж Мартин картинаның басты кейіпкері Дэйнэрис Таргариеннің отбасылық шежіресін қағаз бетіне түсірді.

Америкалық жазушы, телехикаяға дейін болған оқиғаны өзінің «Жалын мен қан» атты кітабында баяндамақ. Роман, айдаһарлар анасының әулеті – Таргариендардың шығу тегі жайлы.

Жеті патшалықты билеген ұлы Эйристің тұқымы туралы кітап, 20-ші қарашада жарыққа шығады. Туындыны безендіру дизайнер Дуг Уиглиге бұйырған екен.