Айқын мен Жұлдыз отбасылық сурет жүктеді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Жүздерін жасырған бұл жанұя Айқын мен Жұлдыз және олардың ортақ некесінен туған ұл – Санжар! Өнер иелері отбасылық фотоны алғаш рет желіге жүктеп отыр. Бір жылдан астам уақыт БАҚ пен бұқара қыспаққа алған атышулы жұптың, жүріп өткен жолы жайлы келесі сюжетте.

Алғашқыда Айқын мен Жұлдыздың көңіл қосып жұп құрғанын жұрт сезсе де, олар жеке өмірлеріндегі өзгеріс жайлы жұмған ауыздарын ашпады. Ерлі-зайыптылардың бұл құпиясы желідегілердің қызығушылығын үдетіп, қос өнер иесіне жағымсыз жазбалар қарша бораған еді.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Отыз мың лайк тұрады да, ішінде бір 100 комментарий жазылады. 100 комментарийдің ішінде әйтеуір 5-6 тиісіп, тырнақ астынан кір іздеп жатады.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Бәріміз адамбыз. Ертеңгі өміріміздің қандай болатынына кепілдік бере алмаймыз. Мен мынандай болмаймын, мен мынандай басымнан өтпейді деп айта алмаймыз. Себебі ертеңгі өмір қандай екенін, қандай бұрылыс болып, сен қандай адаммен жолыққаныңды өзің де білмей қаласың. Сол себепті сөзімізді тыяйық.

Бірақ екеуін қаралайтын қырағы көздердің қарасы азая қоймады. Керағар пікірлерден шаршаса керек, Жұлдыз бізге берген сұхбаттарының бірінде жұрттан жасырған жұмбақтың шешімін жақында жариялаймыз деп серт берді.

Жұлдыз Өмірғали, әнші, актриса:

-Тағы кішкене шыдай тұрсаңыздар! Осы жаздың аяғында мүмкін берерміз. Кішкене ғана күте тұрсаңыздар!

Иә, уедесінде тұрды. Тамыз айында Айқын мен Жұлдыз дүркіретіп той жасап, ортақ некеден туған Санжар есімді ұлдарының 1 жасын атап өтті. Өмірғалидың соңғы жүктеген посты, бақытты отбасының ресми түрде жариялаған алғашқы фотосы. Ал, Төлепберген бұдан былай тыныштықты қалайды.

Айқын Төлепберген, әнші:

-Жеке өміріме ешкімнің араласпауын сұраймын. Себебі оның аты «жеке өмір»! Не істеймін, әйтеуір бір айтарым бала-шағам бәрі аман есен бәрі жақсы, әке-шешем бәрі қасымда. Бәрі күшті, бәрі жақсы! «Счастье любить тишину» дейді орыстар.