Жұлдыздар қандай кино күтіп жүр?

Сообщить о проблеме с эфиром

«Кинотеатрлардың табысына біз де үлесімізді тигізіп жүрміз» - дейді отандық жұлдыздар. Мәселен, Тәуекел Мүслім кумирі Том Хардиді тамашалауға асықса, Санжар Мәди өз-өзінің жалынды жанкүйері болып шықты. Сонымен, танымалдар асыға күткен күзгі премьералар қандай?

Артур Төлепов, актер, әнші:

-Бред Питтің «Война миров» деген киносы шыққан. Бір-екі ай бұрын түсірілім алаңындағы кадрларды көріп қалдым. Екінші бөлімі шығады деп көрсетілген. Сол киноны қатты күтудемін.

Тәуекел Мүслім үшін картинадағы кейіпкер маңызды. Танымал тележүргізуші кинода бағын сынап жатқандықтан, Голливуд актерларының шеберлігіне көп көңіл бөледі екен.

Тәуекел Мүслім, аткер, тележүргізуші:

-Жақында шығатын «Веном» киносын күтіп жүрмін Том Харди ойнайтын. Дәл осы Том Хардидың сомдауымен өте қызықты болайын деп тұр. Негізі сол актер маған өте қатты ұнайды.

Санжар Мәдиевті әзірше Том Харди еш қызықтырмайды. Дарынды актер, өзгенің емес, өзі сомдаған рөліне сырттай баға беруге асық.

Санжар Мәди, актер:

-Қарапайымдылыққа жатпаса да айтарым, өзімді үлкен экраннан тамашалауға асықпын. Жуырда мен төбе көрсеткен монғолдық картина жарық көрмек. Соны қатты күтіп жүрмін!

Басты рөлде төбе көрсетіп, осы айда қатарынан екі бірдей картинаның тұсуын кескен Асылхан Төлепов болса, тек отандық өнімді қолдайды.

Асылхан Төлепов, актер:

-Шетелдіктен енді білмеймін енді, хабарсызбын. Сьемкада болып қазір қандай кинолар шығып жатқанын білмеймін. Қазақстандықтан күтіп жүргенім келесі жылы Ақан ағаның «Томирисі» және Ақан Сатаевтың осы «Бизнесмен» фильмі.