Криштану Роналду кінәсіздігін дәлелдеді.

Сообщить о проблеме с эфиром

Танымал аяқдопшы Криштинау Роналду болса, кінәсіздігін дәлелдеді. Футолшы, Кэтрин Майорга есімді арудың ар-намысын таптады деп айыпталған еді. Спортышыға жабылған жала оның мансабына нұқсан келтіріп те үлгерген.

Португалия құрамасынан уақытша кеткен Роналду, 11-ші қазан күні өтетін ұлттар лигасындағы ойынға қатыса алмайды. «Ювентус» акциялары болса күннен-күнге құлдырау үстінде. Күні кеше аяқдопшының айбынан құтылу үшін, жала жапқан Кэтрин Майоргаға қарсы куәгердің сөзі жәрдемдескен. Енді Криштиану жоғалтқан абыройын қайта жинамақ.

Актер Бен Аффлек жұбайы Дженнифер Гарнермен ресми түрде ажырасқанын мәлімдеді. Жұп бұл шешімге 3 жыл бұрын келген еді. 2005 жылы шаңырақ көтерген Бен мен Дженнифер, 10 жылдан кейін айырылысқан. Алайда, маскүнем актерді, экс-жары әлі күнге дейін қолдап келеді.

Ресейлік әнші Ани Лорак та, өзінің күйеуі Мурат Налчаджиоглумен ажырасуға шешім қабылдады. Бұған дейін, әншінің жары сәнбике Яна Беляевамен опасыздық жасағаны мәлім болған. Түрік елінің бизнесменімен Ани 2009 жылы отау құрған болатын. Қазіргі таңда олардың София есімді қызы бар. Енді Лорактың бар мақсаты, ажырасу кезінде дүние-мүлік мәселесін өз пайдасына шешу.