Леди Гаганың картинасы Билборд көшінде

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше тұсауы кесілген «Жұлдыз дүниеге келді» картинасының саундтрегі де көптің көңілінен шығуда! Жаңа әуен жарық көрген алғашқы аптасында-ақ әйгілі «Билборд» чартының үздіктер арасынан табылып отыр. Бұл жетістік аталмыш лентаның табысын еселей түсетіні сөзсіз!

Бұл режиссерлыққа қадам басып, әншілікті қолға алған Бредли Купердің Билборд тізіміне алғаш рет енуі. Жаңа қырынан танылған актердың Леди Гагамен орындаған «Shallow» әні көптің көңілінен шығып жатқандай. Бүгінде туынды ғаламторда ең көп жүктелген трекке айналып отыр.

Леди Гага, әнші, актриса:

-Брэдлимен жұмыс істеген сондай керемет! Ол дарынды актер, тамаша режиссер ғана емес, үздік орындаушы дер едім.

Еске салсақ, «Жұлдыз дүниеге келді» картинасындағы барлық әуендерді Гага Купермен бірлесе жазған еді. Лентада басы-аяғы 34 тректі тыңдай аласыз. Соған қарағанда, Бредли музыка саласына шындап ден қойған сыңайлы.

Билборд ұсынған таңдаулылар арасынан Лил Уэйн де табылды! Хип-хоп әншісінің әріптесі Кендрик Ламармен орындаған «Mona Lisa» трегі мықтылар арасында. Аталмыш әуен Уэйннің жуырда ғана жарық көрген «Tha Carter V» альбомына енген.

Алайда, Лил «Mona Lisa» әнімен ғана тыңдарманның жүрегін жаулаған жоқ. Рэп орындаушының тағы бір трегі Билборд тізімінде. Оның «Don't Cry», яғни «Жылама» атты туындысы осы жылы бақилық болған XXXTENTACION-мен бірге шырқалған еді.