Харди «Веном» картинасымен көш бастады

Сообщить о проблеме с эфиром

Бір апта бұрын үлкен экрандарға жол тартқан «Веном» картинасы, отандық прокатта үздік шықты. Басты рөлдегі Том Харди бұл лентаға ұлы Томасты қуанту үшін келісіпті. Актердің атұстары «Веномның» фанаты көрінеді.

Өткен уик-эндте «Веном» 305 млн теңге пайдаға кенеліп, үздіктер көшін бастады. Зұлым күш иесі қарапайым адамды өз еркіне бағындырып, қара ниетті жоспарын жүзеге асырмақ. Алайда жер бетін жаулауға келген жат планеталықтардың біреуі аяқ-асты ойын өзгертеді. Бұл ерекше картина әлемдік прокатта да рекорд орнатуда. Актер Том Харди құбыжыққа айналмау үшін барын салмақ.

Екінші орынға 20 млн теңгеден аса қаржымен, Бредли Купердің дебьюттық «Жұлдыз дүниеге келді» картинасы жайғасты. Әйгілі әнші Леди Гага басты рөлді сомдаған лента, 1937 жылғы түпнұсқа туындының желісімен таспаланған. Мюзиклдың бірнеше сахнасы өткен жылы «Coachella» фестивалінде алдын ала түсіріліп қойыпты.

«Сағаты бар үйдің сыры» 17 млн теңгемен үштікті түйіндеді. Хоррор жанрының майталманы, режиссер Элай Рот үшін, бұл лента алғашқы отбасылық фэнтези. «Universal» кинокомпаниясы бұл картинаны Гарри Поттердің хикаясы сынды франшизаға айналдыруды көздейді. Сиқыр мен ғажайыпқа толы туындыда, Кейт Бланшетт пен Джек Блэк басты кейіпкерлерді сомдайды.