Лондон кинофестивалі

Сообщить о проблеме с эфиром

Төреғали сынды, Николь Кидман да Лондон кинофестивалінде кезекті картинасын ел назарына ұсынды. «Талқандаушы» криминалды драмасында басты рөлді сомдаған актрисаның сырт келбеті қатты өзгеріске ұшыраған. Тіпті, көрерменнің кейбірі Кидманды танымай қалды.

«Талқандаушы» драмасын таспалау барысында түсірілген дәл осы суреттер желіде бірден қызу талқыға ұшыраған еді. Николь Кидман фильмдерде сан-алуан кейпімен ерекшеленсе де, бұл жолғы образы киносүйер қауымды бейжай қалдырмады.

Карин Кусама, режиссер:

-Біз гримм жасаушы маманмен, шаш стилистімен арнайы жұмыс істедік. Шеберлердің арқасында кейіпкердің ішкі дүниесін ашуға тырыстық. Актердың әсем көрінуі емес, образға сай болуы маңызды деп ойлаймын.

Ал, тұсаукесер кезінде фотографтар алдында әбден бой түзеген «Оскар» иегеріне, аталмыш картинада тыңшы рөлі бұйырған болатын. Сюжет бойынша, кезінде өз ісін тастап кеткен ол, жамандық атаулымен күресу үшін қызметіне қайта оралуы тиіс.

Николь Кидман, актриса:

-Жұмысы үшін өмірі талқандалған әйелдің образын барынша көрсетуге тырыстым. Мен оның қайғы-қасіретін өзімнен өткізгендей болдым. Мұндай сезімге толы образды алғаш рет сомдағандықтан, түсірілім мен үшін қызықты өтті.

Ал, криминалды драма осы жылдың соңына дейін көрерменге жол тартады деп жоспарлануда!