Шетел жаңалықтары

Сообщить о проблеме с эфиром

Әнші Ариане Гранде болса, сүйіктісі Пит Дэвидсонмен үйленуге шешім қабылдаған еді. Алайда, жұлдыздардың жұбы жараспаған сынды. Жұлдыздар айрылысуға шешім қабылдады.

Ариане мен Пит мамыр айында заңды түрде некелесуге бір-біріне уәде берген еді. Тіпті Гранде сүйіктісіне арнап трек шығарған болатын. Бүгін, бастыстық БАҚ өкілдері олардың айрылысып кеткенін мәлім етті. Себебі, әнші мен тележүргізуші отау құруға дайын еместігін түсініпті.

***

Шакира болса, өзінің концертіне ең көп тындарман жинаған әлемдегі алғашқы әнші атанды. Өнер иесі, Мехико қаласындағы ауқымды «Estadio Azteca» стадионын лық толтырған. Музыкант арудың «El Dorado World Tour» кешіне 174 мың жанкүйер жиналыпты. Бұл Шакираның 7 жылдық үзілістен кейін жеткен жетістігі.

***

Кристина Агилера 10 жылдан кейін әлемдік турнеге аттанған еді. Алайда әншіге, АҚШ-тың Детройт қаласындағы концертін кейінге шегеруге тура келген. Себебі Агилераның дауысы шықпай қалыпты. Дәрігерлер өнер иесіне біраз уақыт ән айтуына тыйым салған.