Леди Гага Billboard үздігі

Сообщить о проблеме с эфиром

Леди Гага мен Бредли Купердің «Жұлдыз дүниеге келді» картинасына арналған альбомы Billboard чартының көшін бастады. Гага, осы үнтаспасының арқасында, 5 бірдей әнжинағы аталмыш тізімде үздік деп танылған әлемдегі алғашқы әнші атанды. Бредлидің де музыкант ретіндегі дебьюты сәтті шыққан.

Алғашқы аптатада альбом 231 мың данамен сатылып үлгерген. Соңғы үш жылда мұндай нәтижеге ешбір саундтрек жетпеген екен.

«A Star Is Born» деп аталатын әнжинаққа барлығы 34 трек енген. Соның екеуіне

Леди Гага мен Бредли Купер арнайы бейнебаян да таспалады. Тың туындылардың бірінен картинадағы қос кейіпкердің диалогын да тыңдай аласыз.