Ким Кардашьян мен Канье Уэст Угандада

Сообщить о проблеме с эфиром

Батыстың ең танымал жұбы Ким Кардашьян мен Каньэ Уэст болса, шығыс Африкадағы Уганда мемлекетінен табылды. Энтеббе қаласына саяхаттаған жұлдыздар, сапар барысында аталмыш елдің президентімен жүздестіп қайтқан еді.

Маңызды кездесуде қос тарап Уганданың мәдениеті мен туризмін кеңінен талқылап, ұзақ уақыт сұхбаттасқан көрінеді. Жүздесу соңында, жұлдызды жұп жергілікті ел басшысы Йовери Мусе́вениге өз компаниясы өндіріп шығарған «Изи» спорт аяқкиімін сыйға тартқан. Ким мен Канье президентке берген тартуға естелік деп қолтаңбаларын қалдыруды да ұмытпады