Шетел жаңалықтары: Леди Гага қалыңдық атанды

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танымал Леди Гага болса қалыңдық атанды. Әнші өзінен 17 жас үлкен сүйіктісі Кристиан Кариномен сөз байласқанын мәлімдеді.

Беверли Хиллзда өткен «Elle Women in Hollywood» марапатына ат басын бұрған Леди Гага, жағымды жаңалығымен бөлісті. Танымал әнші бір жылдан аса көңіл қосқан сүйіктісі Кристиан Кариномен отау құруға келісім берген. Гаганың болашақ жары, өнер иесінің жеке менеджерінің қызметін атқарады.

***

Клер Фой актрисалық мансабында үзіліс жарияламақ. Танымал жұлдыз жеке өміріне уақыт таба алмай жүргенін айтады. Арудың экс-күйеуі Стивен Кэмпбелл Мурмен ажырасуына да осы мәселе себеп болған көрінеді. Клер үшін, жақында жарық көретін «Айдағы адам» мен «Торда қалып қойған қыз» картиналары әзірге соңғы жұмыстары болмақ.

***

Леонардо ДиКаприо, әріптесі Ронан Китингтен кезінде қаржылай көмек сұраған екен. 2013-жылдан бері Ронан, Леодан ақшасын қайтаруын сұрамаса керек. Енді ол ренішін айтып, қарызын кері талап етуде. Ал Лео мырзаның бұл қылығын, жақындары мен достары түсіне алмай әлек.