BET Hip Hop Awards жеңімпаздарын анықтады

Сообщить о проблеме с эфиром

BET Hip Hop Awards жеңімпаздарын анықтады

Отандық орындаушылар махаббат мәселесін сөз етсе, шетелдік өнерпаздар тағы бір музыкалық марапатта бас қосты. «Bet Hip-hop Awards» ең таңдаулы әншілерге арнайы жүлдесін табыстады. Сонымен, Карди би әлде Дрейк? Жеңімпаз атануға кім лайық?

Карди Би мен Дрейктің өнердегі текетіресі әлі де жалғасуда! Қос өнерпаз күні кеше American Music Awards-та ең көп аталым бойынша бақ сынаған еді. Енді, міне тағы BET Hip Hop марапатына да канадалық рэпер -11, ал әнші ару -10 жүлдеге дәмелі екенін білдірген болатын.

Алайда, айтулы сайыста Карди Бидің асығы алшысынан түсіп, 4 бірдей жүлдені еншілерді. Олардың арасында «үздік хип-хоп стиль» аталымы да бар.

Ал, жақын күндерден бастап өздерін «The Carters» дуэті деп атаған Бейонсе мен Джей Зи «үздік альбом», «үздік ортақ орындалған ән», «үздік трек» сынды үш бірдей марапатқа ие болды.

Айтулы кеште Лил Уэйн өзге әріптестерінен ерекшеленді. Әйгілі марапат өнерпазды «I Am Hip Hop Award» жүлдесіне лайық деп таныпты.

Лил Уэйн, хип-хоп орындаушы:

- Рақмет, рақмет! Тұрудың қажеті жоқ, отыра берсеңіздер болады! Жанкүйерлеріме, тыңдармандарыма, сүйікті отбасыма алғысым шексіз!

Шарада осы жылы дүниеден озған XXXTentacion-ның де есімі аталды. Рэп орындаушысына «үздік жаңа әртіс» марапаты берілді.