Біздің «Месси» Андорраға гол соқты

Сообщить о проблеме с эфиром

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасын да бүгінде шоу-бизнес өкілдері кеңінен жарнамалап жүр. Сол деңгейге сай болсақ деді ме, ел намысын қорғап жүрген аяқдопшылар күні кеше Андорраны өз алаңында ойсырата ұтты. Матчтың басты кейіпкерлері кім болды?

Ұлттар лигасы аясында Қазақстан өз алаңында Андорра елінің құрамасын қабылдаған еді. Астана Аренада өткен матч жерлестеріміздің ірі жеңісімен аяқталды. Бұған дейін өз тобындағы үш ойында 2 ұпай еншілеген біздің аяқдопшылар, жанкүйерлерінің алдында ұтуға міндетті болатын.

Бұл кездесудегі алғашқы голды 23-минутта Еркебұлан Сейдахмет соқты. Ресейдің "Уфа" клубында ойнайтын футболшы негізгі құрамда алаңға шығып, Бауыржан Исламхан асырған пасты нәтижелі түйіндеді. Бірінші тайм аяқталуына 5 минут қалғанда Сейдахмет допты тиімді жеткізіп, Бауыржан Тұрысбек есепті еселеген еді.

Қазақстандық футболшылар бұл есепті азсынған секілді. Матчтың екінші кезеңі басталған тұста Сейдахмет ерекше стильде соққы жасап тағы бір мәрте көзге түсті. 61-минутта Бауыржан Исламханның әуелете асырған добын Андорралық қақпашы сәтсіз қайтарып, допты қақпасына енгізіп алды. Ашуға ерік берген андорралық Алаез бірер минут ішінде екі сары қағаз алып алаңнан қуылды.

70-минутта ойынға қосылған Роман Мұртазаев араға 4 минут сала баспен тамаша бағыттап есепті 4:0-ге жеткізді. Осылайша . "D" тобында төрт ойыннан кейін Қазақстан құрамасы 5 ұпаймен 2-орынға көтерілді. Көш басындағы Грузия қоржынында 12 ұпай.