Зендая әйгілі брендтің бет-бейнесі

Сообщить о проблеме с эфиром

22 жастағы актриса Зендая, әлемге танымал То́мми Хилфигер брендінің амбассадоры атанды. Дизайнер, әнші Бейонсе, сәнбике Джиджи Хадид сынды әйгілілермен әріптес. Енді «Өрмекші адам» картинасының жұлдызы, аталмыш компанияның жаңа топтамасын жарнамаламақ.

Танымал брендпен келісімшартқа отырған актриса, әрі сәнбике 2019 жылдың көктемінде «TommyXZendaya» атты топтаманы ұсынады. Нәзік жандыларға арналған жаңа киімдер үлгісін жарнамалайтын Зендая үшін - бұл үлкен мәртебе.

30 жылдан астам тарихы бар То́мми Хилфигер бренді жылына 135 млн доллар көлемінде пайда табады екен.