Эминем 46 жасқа толды

Сообщить о проблеме с эфиром

Өз дәуірінде сан-түрлі марапаттарды еншілеген Эминем болса, туған күнін атап өтуде. 46 жасқа келген өнер иесі, осы күнге дейін әлемнің ең таңдаулы музыканттары тізіміне еніп үлгерген. Рэп жанрының патшасына айналған Эминем, бүгінгі жастардың жүрегін жаулай алды ма?

Эминем алғаш 1995 жылы «Soul Intent» тобының қатарында шоу-бизнеске қадам басты. Бір жылдан кейін «Infinite» атты дебютты альбомын жарыққа шығарып, жеке әнші ретінде таныла бастады. Музыкант әнжинақтарының арқасында Грэмми сыйлығының «ең үздік рэп альбомы» марапатын үш мрте еншілеген жалғыз әнші.

Рэпер шығармашылық жолда актер ретінде де бақ сынап көрген. «8 шақырым» биографиялық лентада ол басты кейіпкерді сомдады. Осы картинаға саундтрек жазып, «Оскар» марапатын иеленген алғашқы рэп-орындаушы.

Эминем шығармашылығында 5 жылдай үзіліс жасаған еді. Таяуда өзін сынаған БАҚ өкілдері мен тыңдармандарына жауап ретінде, «Kamikaze» альбомын шығарды. Орындаушы өмірге деген реніші мен ашуын музыка арқылы жеткізген. Эминемді сағынған табынушыларына бұл үнтаспа жақсы сый болса керек.