Жұлдыздар кино түсірмек

Сообщить о проблеме с эфиром

Еркенің туындысын тамашалауға келген өнердегі әріптестері кино таспалау жайында ойға қалған сыңайлы. «Өзгелерден қай жерім кем» деді ме, әншілердің көпшілігі актер атануға қарсы емес көрінеді. Сонымен, кім келесі?

«Найнти уан» ұжымы, Сиви Махмуди, Қайрат Нұртас, Бүркіт, Төреғали Төреәлі. Киносаласында бет бұрған әншілердің қарасы күн санап арта түсуде. Алайда, шоу-бизнесте белең алған бұл құбылыс өнер иелерін еш қынжылтпайды. Олардың ойынша нағыз әртіс сегіз қырлы бір сырлы болуы тиіс.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Білмеймін, енді қарап жатырмын әріптестерімнің көбісі киноға бет бұрып жатыр және де жаман емес. Халық көріп, келіп ұнатып жатады. Менің досым Беркут де, жақын арада өзінің жаңа фильмін ұсынады.

Әріптесінің қуанышына ортақтасқан Сәдуақасованың өзі де болашақта фильм таспалауға кетәрі емес. Мәдинаның түсірлім тобы да дайын көрінеді.

Мәдина Сәдуақасова, әнші:

-Енді менің жолдасым бар ғой, режиссер. Екі қайным бар. Кинооператорлар. Мүмкін бір солармен бірігіп, бір дүние жасармыз.

Кинокартинаның жарық жұлдызына айналуға Ерлан Алимов та қарсы емес. Жалғыз кедергі актерлық қабілетімнің жоқтығы дейді ол.

Ерлан Алимов, әнші, продюсер:

-Мен бір рет киноға түскем. Сол бір эпизодты алты сағат түсіргенбіз ғой мен үшін. Өте қиын негізі актер болған, өте қиын. Ол оңай емес. Сондай тәжірибе болғаннан кейін, мен түсінем актерлерді.

Ғаділбек Жаңай болса, керісінше өзінің актерлық шеберлігіне еш күмән келтірмейді. Әнші тек режиссерлардың көзіне түсе алмай жүр екен.

Ғаділбек Жаңай, әнші:

-Бір мағыналы киноға түскім келеді. Мағынасы бар, бір пайда беретін, сондай. Мен кәдімгідей барғым келеді, киноға түскім келеді. Киноға шақырыңдаршы мені!

Ғаділбек Жаңайдың жан айқайы киногерлердің құлағына жетіп қалар деген үміттеміз!