«Сегіз қырлы бір сырлы» өнерпаздар

Сообщить о проблеме с эфиром

Отандық әншілер сынды, мамандығын өзгертіп толағай табыстарға жеткен шетелдік өнерпаздар да жетерлік. Мәселен, ел арасында актер ретінде етене таныс Уилл Смиттің, кезінде мықты рэп орындаушысы болғанын бірі білсе, бірі біле бермейді.

Уилл Смит өнер жолын дәл осылай рэп айтудан бастаған еді. Тіпті, осы шеберлігі үшін «Гремми» марапатын алған алғаш хип-хоп орындаушы атанды. Кейіннен Смит актер ретінде бағын сынап, «Бұзық жігіттер», «Тәуелсіздік күні», «Қара киімді адамдар» туындыларының жарық жұлдызына айналды. Бүгінде ол, өзі төбе көрсеткен тоғыз бірдей картинасы, қатарынан 100 млн доллардан аса ақша жинаған Голливудтағы тұңғыш актер саналады.

***

Ал, Джаред Летоның жанкүйерлері әлі күнге оның музыкант әлде актер екенін біле алмай дал. Өнерпаздың бір оқпен екі қоян атып жүрген жайы бар. Оның әсем әуендері тыңдалымы ең жоғары туындылар деп саналса, сері кинодағы шеберлігі үшін «Оскар» марапатын еншілеген болатын.

***

Дженифер Лопес те, өзінің жан-жақты тұлға екенін баяғыда дәлелдеп қойған еді. Әнші, ең алғаш «Анаконда» фильміне түсіп, тыңдармандарын талантымен таңқалдырғаны бар. Содан бері Джей Ло, түрлі жанрдағы ленталарда төбе көрсетуден жүрексінген емес.

***

Мадонна да киносаласында бағын сынап көрген жұлдыздар қатарында. Танымал әнші ең алғаш «Эвита» лентасында басты рөлді сомдап, шеберлігі үшін «Алтын глобус» жүлесін еншіледі.

***

50 Cent те актер! Хип-хоп орындаушы басы қасы 27 лентаға кейіпкер ретінде атсалысып үлгерген. Алайда, муызканттың бұл жетістігін бірі білсе, бірі біле бермейді.