Әншілер караокеде кімдерді шырқайды?

Сообщить о проблеме с эфиром

Аиша ресейлік әртістердің репертуарына көз салуда. Айтуынша, «ВИАгра» тобының әндері жанына жақын. Алайда, Бүркіттің жұбайы, әйгілі гелзбендтың хиттерін әзірге тек караокеде шырқап жүр.

Аишаның караокеге жолы түсе қалса, өзге елдің хит туындыларын шырқағанды ұнатады екен. Сахнада қазақша әндерімен танылған Аишаның, бүгінде есінде тек ескі тректер сақталып қалса керек.

Аиша, әнші:

-Маған «ВИАГраның» әндерін орындаған ұнайды, Ділнәз Ахмадиеваның «Золотой золотой» әні... Айтатын әндер көп, бірақ бармағаныма біраз болыпты, тіпті 10 жыл болған шығар.

Мөлдір Әуелбекова болса шетелдік жұлдыздардан гөрі, отандық әншілердің хиттерін орындауды жөн көреді. Ол өнердегі әріптестерін осылай қолдайды.

Мөлдір Әуелбекова, әнші:

-Караокеге барған кезде әріптестерімнің әнін ғана шырқаймын. Өйткені басқа әндерді білмеймін мен караокеде. Ол жерде ескі әндер де бар, жаңа әндер де бар.

Серік Ибаргимов те Мөлдірдің идеясын жақтайды. Талантты сері отандық танымал музыканттардың репертуарларын жатқа айтамын деп мақтанды.

Серік Ибрагимов, әнші:

-Ғаділбектің әнін орындаймын, Нұржанның әнін орындаймын, «МузАрт», «Жігіттер» тобының әндерін орындаймын. Ол кісілер уже ретроға айналды. Кез келген уақытта, кез келген жерде.

«Жігіттер» тобының солисі Айдар Тұрғанбек өз алдына ескі әндердің жанкүйері. Себебі заманауи шығармалар Айдардың көңілін көншітпейді.

Айдар Тұрғанбек, «Жігіттер» тобының әншісі:

-Жоқ, қазіргісін орындамаймын. Мен Медеу Арынбаев, Жұбаныш Жексенұлы сол кісілердің әнін орындаймын. Өйткені қазір, рахаттанып орындайтын ән жоқ. Ән бөлек болады, сөз бөлек. Әні жоқ.