Сиара, Шон Мендес, Никки Минаж бейнебаян ұсынды

Сообщить о проблеме с эфиром

Әлемге танылған Сиара болса, ескі репертуарын қайта жаңғыртпақ. Әнші, осыдан 11 жыл бұрын жарыққа шығарған «Dose» трегіне, енді жаңа бейнебаян таспалады.

Сиара дәл осы хитін, жақында жарық көретін жетінші альбомына да енгізбек. Ал, тың видеода талантты әншінің, биге деген мінсіз қабілетіне көз жеткізуге болады.

***

Өзінің ерекше дауысмен танылған Шон Мендес, «Lost In Japan» хитіне тың туынды ұсынды. Өнерлі бозбалаға, немістің диджейі Зедда қолдау көрсеткен. Шон Мендес жаңа трек жаздыру үшін, арнайы Жапон еліне аттанады. Музыканттың дәл осы саяхаты бейнебаянына арқау болған.

***

Никки Минаж британдық «Little Mix» тобымен дуэт құрды. Олар бірлесіп «Woman Like Me» трегіне жаңа бейнеклип ұсынды.

***

2011 жылы құрылған «Little Mix» гелсбенд алғашқы әндерімен-ақ британдық музыкалық чарттарды бағындырған. Бүгінде арулардың 17 клипі бар. Никки Минажбен қосыла таспалаған видео, 15 млн-нан астам қаралым жинап үлгерген.