Шетел жаңалықтары: Гарри Поттер енді жоқ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Гарри Поттер фильмі арқылы танылған Дэниел Рэдклифф, қанша рөл сомдасам да көрермен үшін, сол бір сиқыршы баланың кейпінде қалдым деп ренжулі.

Гарри Поттердің соңғы бөлімі осыдан жеті жыл бұрын жарық көрсе де, хикая әлі күнге дейін сұраныста. Дэниел Рэдклиффтің ендігі мақсаты - өзін басқа жанрдағы фильмдерде сынап көру. Актер сиқыршының образынан әлі де арыла алмай жүргендігін айтып, ағынан жарылды. Ал, поттериандар үшін Дэниел, әрдайым Хогвартстың түлегі болып қала бермек.

***

Актриса Зои Кравиц тұрмысқа шығатынын жариялады. «Дивергент» картинасымен танылған арудың таңдауы - Карл Глусман есімді сері.

Зои сүйіктісімен 2016 жылдан бері қарым-қатынаста. Талантты актрисаға, Карл ақпан айында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған. Алайда, тығыз жұмыс кестесіне байланысты Зоиға, той күнін нақтылаудың реті болмай жүр екен.

***

Әлемге танылған әнші Тейлор Свифттің қайырымдылық жасауға жаны құмар. Талантты өнерпаз, твиттерде анасының отасына көмек сұраған 19 жастағы Сэйди Бартеллдің жолдауын байқап қалған. Тейлор бірден бойжеткенге қол ұшын созып, шотына 15 мың ақш долларын аударыпты. Әншінің бұл қадамы, Сэйди үшін күтпеген жәйт болса керек.