Q-pop өкілдерінің махаббаты

Сообщить о проблеме с эфиром

ALEM бұрынғы махаббатымен қайта қосылса еш таңқалмаңыз. Себебі, «Найнти уандық» мемберлер бұдан былай жеке өмірлеріне де көңіл бөле алады. Бұған дәлел A.Z-дің сүйіктісімен қарым-қатынасы. Ал, өзге q-pop әншілер келісім-шарттың қатаң талабына бағынады ма?

Үш жылда шығармашылыққа шындап кірісіп, талай белестерді бағындырған «Найти Уандықтар» жеке өмірі жайлы енді ойлана бастағандай. Топтың продюсері - Ерболат Беделхан да өнерге қатысты қатаң талап қойғанымен, жігіттердің махаббат мәселесіне араласпауды жөн көреді.

Ерболат Беделхан, продюсер:

-Жобаны бастамай тұрған кезде, мен балаларға осы әңгіменің бәрін айтқанмын. Сондықтан да, ия мен ойлаймын олар бір керемет сүйтіп бір, шектеуде тұр деп айта алмаймын.

Сондықтан да, болашақта AZ-дің ізімен өзге мемберлер де сүйіктілерін елге көрсетсе, жанкүйрелері үшін күтпеген жәйт болмасы анық.

«МадМэндық» жігіттерге қыздарға сөз салуына, ұжым жетекшісі еш қарсылық білдірмепті.

«Mad Men» тобы:

-Рұқсат етіледі, егер де ол жұмысқа ешқандай қатысы тимесе. Егер кедергі жасамаса. Былай да біздің уақытымыз жоқ. Себебі барлығымыз ойымызбен, басымызбен шығармашылыққа кетіп жатырмыз, бірақ та шабыт керек қой.

Музасыз дүниеге тың туындылар келмейтінін «Мунлайт» бойзбенді де жақсы түсінеді. Ал, жеке өмірге қатысты қатаң талаптардан жүрексінетін жігіттер еркіндікте жұмыс істеуді ұнатады.

«Moonlight» тобы:

-Біз негізінде продюсермен жұмыс жасамаймыз. Сондықтан да, біздің арамызда ондай контракт жоқ. Бізде барлығы еркін. Қызымыз болса, біз оны жасырған емеспіз.

Алайда, талай қыздың арманына айналған «Мунлайттық» серілер, шынайы махаббаттарын әлі кездестіре қоймапты.