«АБК» жігіттері үшін жанжалдас қыздар...

Сообщить о проблеме с эфиром

Арынбаевтың «АБК» тобында ән салған сәті есіне түссе, ерекше ностальгияға бөленеді. Жылдар жылжып, уақыт сырғыса да Медеу, ұжымдағы серілерге деген жанкүйер қыздардың ынтызарлығын әлі ұмытпаған. Әйгілі трионы біраз әбігерге салған сол арулар жайлы, әнші қазір сағына еске алады.

«АБК-ның» атағы аспандап тұрған жылдары, жанкүйер қыздардың түрлі әрекеттеріне куә болдық», - дейді Арынбаев. Сондай оқиғалардың бірі еліміздің батыс өңірінде болыпты.

Медеу Арынбаев, әнші: -Ақтау қаласында жұлып жегендері бар. Үшеуімізді үш жаққа алып, «тиіспе анау менікі, бұл менікі» деп қыздар бір-бірімен қырылысып жатқан кезеңдер де болды. Стадиондарда біздің көйлегімізді жыртып, қонақ үйде үшеумізді бөліп алған. Мықты қыздар екен. Ондай замандар да бар екен. Енді ол өздерінің сүйіспеншілігі.

Иә, дүние алма-кезек! Кеше «АБК» кешкен күйді, бүгінде «Найнти уан» бойзбенді бастан өткеріп үлгерген. Атышулы топ алғаш танылған шақта, иглздар сүйікті кумирлеріне түнде де тыныштық бермепті.

Bala, «Ninety one» тобының әншісі: -Қазір иглз көбінесе біздің жеке өмірімізге түсіністікпен қарайтын болды. Бұрынғыдай түнгі сағат 1-2-лерде үйге келіп тұру деген, енді жоқ. Бірақ тосын сыйлар өте көп істелініп тұрады.

Дәл осы Баланың экс-ғашығы Зирузаға бейтаныс жігіттердің тосын-сыйлары көп екен. Әнші аруға сезімін білдіруге асық серілер, оның құрбысы арқылы «101 раушан гүлін» жиі сыйлайды.

Ziruza, әнші:

-Роза дейді ғой. Сондайға тапсырыс беріп, қолма-қол бергісі келген екен. Бірақ ол мүмкін емес болды. Сол себепті ол кісіге айтарым, егер көріп жатса ниеттеріңізге рахмет деп айтқым келеді. Бірақ олай бетпе-бет көрісіп ала алмаймын сыйлықтарын.

Өйткені, өнерпаз ару мен продюсер арасында ресми келісімшарт бар. Бірақ есімін жасырған жұмбақ жан үшін Зирузаның фан-митингіне қатысып, талантты қызға деген тартуын арнайы келіп табыстауына болады.