Өлілер мейрамын тойлайтын Мексика

Сообщить о проблеме с эфиром

Күні кеше үздік анимациялық туынды ретінде «Оскар» жүлдесін жеңіп алған «Коконың құпиялары» лентасының кейіпкерлері Мехикодағы шеруге шықты! Нақтырақ айтсақ, Мексика дәл қазір ерекше мейрам «өлілер мерекесін» тойлатып жүр.

Миллиондаған көрерменнің ыстық ықыласына бөленген дәл осы «Коко құпиясының» арқасында күллі әлем «өлілер мерекесі» туралы білген еді. Мексика елінің ежелден келе жатқан дәстүрлі мейрамы, бұл жылы да ауқымды деңгейде аталып өтті.

Энрики Меджиа, қала тұрғыны:

-Қорқынышты көрінгенімен, бұл біздің халық үшін маңызды мейрам. Ата-бабамызды еске алу мақсатында, олардың фотоларын қойып, тәтті тағамдар әзірлейміз.

«Өлілер мейрамы» – жыл сайын қазан айының соңы мен қараша айының басында аталып өтіледі. Мексика жұртында кең тараған аңызға сенсек, бұл күндері олардың о дүниеге аттанған туған-туысқандары жер бетіндегі үйіне қайта оралады екен. Сондықтан да, бақилық болған жандардың суреттерін қойып еске алу, мерекелік дастарқан жаю – парыз саналады.