Ең табысты актерлер тізімі

Сообщить о проблеме с эфиром

Дәл осы «Тақтар ойыны» туындысынан соң, фильмдерде ойнайтын актерлар тобы, телехикаяларға таласа түсе бастады. Өйткені, сериалда көріну – танымалдылық пен табыстың кепілі. Әйгілі «Variety» басылымы, әр эпизодтағы рөлі үшін миллиондап ақша табатын жұлдыздарды тізіп берді.

Хавьер Бардем – ең ауқатты актер! Амазон, Нетфликс сынды студиялардың телехикаяларында төбе көрсеткен әрбір эпизоды үшін, өнерпаз 1 миллион 200 мың АҚШ доллар сұрайтын көрінеді. Серінің түсірілім алаңындағы шеберлігі ақшамен ғана емес, «Оскар», «Алтын глобус» сынды мәртебелі марапаттарымен де бағаланған еді.

***

Риз Уизерспун де телетуындыларға қатысуды жиілеткен жұлдыздар қатарында. 1991 жылдан бастап елуге жуық фильмдерде түсіп үлгерген актрисаға, сериалдың әрбір бөлімдегі ойыны үшін 1 миллион 100 мың доллар төленеді екен. Сондай-ақ, Риз Forbes-тың «ең табысты актрисалар» тізімінде көш бастаудан жалыққан емес.

***

Джениффер Энистонның да өзге әріптесінен қалысар ойы жоқ! Ол жекелей эпизодтағы рөлі үшін 1 миллион 100 мың АҚШ долларын талап ететін актриса. Джениффер өз мансабында «Достар» телехикаясы арқылы үздік актерлық шеберлігімен үшін «Эмми», «Алтын глобус» жүлдесін енгшілеген жанның бірі.