«Тақтар ойынына» спин-офф таспаланбақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Американың танымал жазушысы Джордж Мартин, «Тақтар ойыны» туындысына арнайы спин-офф таспаламақ. Продюсер енді, әйгілі телехикаяға арқау болған оқиғалардың шығу тегін көрсетпек.

Картинаға актриса - Наоми Уоттс басты кейіпкерлердің бірі ретінде таңдалған. Киногер Джордж Мартин тың туындыға, «Х-адамдар» фильмінің продюсері Джейн Голдманмен бірлесе кіріспек.

Джордж Р. Р. Мартин, жазушы, продюсер:

-Менің қазынамдағы, мыңдаған беттен тұратын хикаялар осы «Тақтар ойынына» алып келген шығар. Бұл оқиға қалай да болса, өз мәресіне жету керек деп ойлаймын.

Джордж жоспарлап отырған туындыдағы хикая желісі, жеті патшалықты тоғыстыратын Вестерос қаласында өрбімек. «Тақтар ойынының» шежіресіне арналған спин-офф, өз түсірілімін келер жылы бастайды.