Биллбордта Дрейкке орын жоқ!

Сообщить о проблеме с эфиром

Қайрат Нұртастың шетелдік әріптесі Дрэйктің жолы болмай жүргендей. Жарты жыл бұрын Биллбордтың үздіктері тізімінен түспейтін ол, соңғы уақытта мықты музканттар көшіне ілесе алмауда. Сонымен, хип-хоп орындаушының жолын байлаған кім?

Биллборд чартындағы Дрейктің орнына Maroon 5 пен Cardi B-дің жайғасқанына алты апта болды. Қос әнші үздіктер атағынан айырылуға асығар емес.

Соған қарамастан, таңдаулылар тізімінде жаңа есімдер пайда болуда! Трэвис Скоттың «SICKO MODE» трэгі тыңдалымы жоғарылар қатарында. Сәнбике Кайли Дженнердің сүйіктісі бұған дейін өзінің жеке альбомымен, Биллборд шыңын бағындырған еді. Бүгінде ол, трэп-орындаушы ретінде ел арасында кеңінен танымал.

Лондондық Bastille инди-тобы мен Marshmello-дың «Happier» әні де, көптің көңілінен шығып жатқандай. Еске салсақ, Marshmello әлімдегі ең үздік диджейлер қатарына енеді. Сондай-ақ, табынушылары бұл жұмбақ өнерпаздың кім екенін әлі күнге дейін білмей дал. Лақап атын бренд еткен сері, бейнебаянда үнемі бетпердемен жүзін жасырып, жеке өмірі жайлы тіпті тіс жармайды.

Жаз маусымының 5 секунды! Яғни, топқа «5 Seconds of Summer» атауын таңдап алған жігіттер, осы ерекшелігі арқылы көзге ілінгісі келгендей. Жалынды жастардан құралған аустриялық рок-ұжымның «Youngblood» туындысы да Биллбордтың ондығында.