Дрейктің драмасы

Сообщить о проблеме с эфиром

Сәнбикелердің бірімен көңіл қосқан Дрейк болса, өкініп жүр. Танымал рэпер өзін «ар-намысымды таптады» деп айыптаған Лейла Лейс есімді аруды сотқа берген еді. Бір жылы бойы май шаммен қаралған іс кімнің пайдасына шешілді?

Дрейк өзінің ән кештерінің бірінде танысқан Лейламен көңіл көтергенін жасырмайды. Музыкантпен өткізген бір сәтті жеке пайдасына шешпек болған бикеш, ар-намысым тапталды деп айып таққан еді. Рэпер ешқандай күш қолданбағанын дәлелдеу үшін құзырлы орындардың көмегіне жүгінген. Сот үкімі бойынша ақталып шыққан Дрейк, атына кір келтірген сылқымға әлі де ашулы көрінеді.

Рианна болса, өзінің экс-ғашығымен қайта қосылды. Әнші қыз, араб миллиардері Хассан Джамильмен біраз уақыт қарым-қатынастан кейін ат құйрығын үзген еді. Енді танымал жұлдыз сүйіктісіне тағы бір мүмкіндік беруді жөн көрген секілді. Қос ғашық Санта-Моника қаласындағы романтикалық кездесуі барысында папарацци көзіне ілінген.

Актер Эдди Мерфи – оныншы рет әке атанды. Голливудтың танымал жұлдызына, 39 жастағы ғашығы Пейдж Батчер шекесі торсықтай ұл сыйлаған. Иззи есімді тағы бір қызы бар бұл жұп, заңды түрде неке қимаса да, алты жылдан бері тату-тәтті тұрып келеді. Эддидің бұрынғы сүйіктілерінен дүниеге келген 8 бірдей баласы бар. Алайда актер олармен мүлдем араласпайтын көрінеді.