Лиам Нисон ұлы үшін кек алмақ

Сообщить о проблеме с эфиром

Көрермен асыға тосқан «Жаудың ізіне түсу» атты лента, су жаңа трейлерін ұсынды. Актер Лиам Нисон, атыс-шабысқа құрылған жаңа картинада – кеудесі кекке толы әкенің рөлін сомдамақ.

Су жаңа шытырман картинаның оқиға желісі бойынша, Мистер Коксманның ұлын есірткі тасымалдаушылар өлтіріп кетпек болады. Құқық қорғаушылардан қолдау таппаған әке, баласы үшін қылмыскерлерден өз бетінше кек алуға бекінеді.

Әделеттілік іздеген Коксманның батырлығы жайлы фильм, 2019 жылдың ақпан айында көрерменге жол тартады.