«Капитан Марвел» фильмі жарыққа шықпақ

Сообщить о проблеме с эфиром

«Marvel» компаниясы алғаш рет әйел қаһарманға арналған толықметрлі фильм ұсынды. Әуе апатында зардап шеккен ұшқыш қыз, батыр кейіпкерге айналады. Көптен күткен «Капитан Марвел» лентасы көрерменнің көңіліне жол таба ала ма?

Америкалық комикс кейіпкерлерінің авторы - Рой Томас ұсынған «Мисс Марвел» - Кэрол Денверс жайлы. Батыр қыздың образы алғаш 1968 жылы жарық көреді. Кэрол бұған дейін «Кек алушылар», «Ғарыш күзетшілері» және «Х адамдар» сынды фильмдердегі қаһармандар тобына еніп үлгерген.

Танымал киностудия ұсынған «Капитан Марвел» лентасы – дәл осы Кэрол Денверстің хикаясын баяндайды. Алғашқыда әскери ұшқыш болып қызмет ететін қарапайым қыз, ғарышта басқа планеталықтармен соқтығысып қалады. Апат салдарынан ол алып күштің иесіне айналады.

Марвел әлемінің жаңа туындысында басты рөлді сомдау – Бри Ларсонға бұйырған. 29 жастағы актриса «ең үздік әйел образы» үшін, 2016 жылы «Оскар» марапатын еншілеген еді. Бри Ларсон 50-ге жуық картинада бой көрсеткен.

Ал фантастикалық «Капитан Марвел» лентасы, 2019 жылдың 7-ші наурызында көрерменге жол тартады деп күтілуде.